Каспий жағалауында жүзге жуық өлі итбалық табылды

17.04.2026 14:55

Мамандардың айтуынша, оларды жағалауға батыс желі айдап шығарған

Almaty.tv

17 сәуір күні Маңғыстау облысының Түпқараған ауданында жүргізілген мониторинг барысында теңіз жағасына шығып қалған 97 итбалықтың өлі денесі анықталды. Мамандардың айтуынша, оларды жағалауға батыс желі айдап шығарған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Оқиға орнына «Каспий итбалығы» мемлекеттік табиғи резерватының өкілдері, Жайық-Каспий бассейндік инспекциясы, облыстық экология департаменті, полиция, ветеринарлық бақылау инспекциясы, гидробиология және экология институты, сондай-ақ Каспий итбалығын зерттеу және оңалту орталығының мамандары барды.

Арнайы жұмыс тобы құрылып, өлі жануарлардан сынамалар алынады, олардың қырылу себебі анықталып, утилизация жұмыстары жүргізіледі. Институт мамандарының пікірінше, итбалықтардың қырылуы бір айдан астам уақыт бұрын болған, ал жағалауға оларды дауылды батыс желі енді шығарған болуы мүмкін.

Дереккөз: Azh.kz

Оқи отырыңыз: Оралдан Ыстанбұлға тікелей рейс ашылады