Каспийге жанармай төгілді: талдау жұмыстары жүргізілуде

Экологтар теңізде жұмыс істейтін кеме экипаждары мен айлақ иелеріне қоршаған ортаны қорғау талаптарын қатаң сақтауды ескертті

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Каспийге жанармай төгілді. Сұйық отын қалдығын теңіз жағалауынан Аташ елдімекенінің жұрты байқап, видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген, деп хабарлайды Almaty.tv

Су бетіндегі қалқыған майды байқаған тұрғындар шағымынан кейін экологтар сынама алып, оның қоршаған ортаға зиянын анықтап жатыр. Мамандар Аташ жағалауы мен оған іргелес теңіз аумағын тексерді. Қазір мұнда мониторинг жұмыстары жалғасуда. Экологтар теңізде жұмыс істейтін кеме экипаждары мен айлақ иелеріне қоршаған ортаны қорғау талаптарын қатаң сақтауды ескертті.

"Баутин, Аташ тұрғындарынан бізге Каспий теңізінің жағалауында май қалдықтарының ізі анықталды деп хабарлама келді. Шолу жұмыстары барысында Аташ, Баутин елдімекендері теңіз жағалауынан су сынамалар алынды. Қазіргі жағдайда ол талдау жұмыстары жүргізілуде. Талдау жұмыстары нәтижесіне орай, тиісті шаралар қабылданатын болады", – деді Маңғыстау облыстық экология департаментінің бөлім басшысы Қайсар Нәдірбек

Оқи отырыңыз: 12 тамыз – Каспий теңізі күні