Қасым-Жомарт Тоқаев "АЛЖИР" музейін аралап көрді

31.05.2025 12:39

Бүгін – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «АЛЖИР» музейін аралап көрді, деп хабарлайды Аlmaty.tv Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы тоталитарлық жүйе құрбандарының өмірінен сыр шертетін бірегей құжаттар, тұтқындардың жеке заттары, архив материалдарымен танысты.

1938-1953 жылдары мыңдаған әйел адам төзгісіз жағдайда жазаларын өтеген бұл қасіретті орын – бүгінде маңызды жалпыұлттық ескерткіштердің бірі.

Оқи отырыңыз: Президент: Төл тарихымыздың ақтаңдақ беттерін ашу – қастерлі борышымыз