Мемлекет басшысы бірқатар дипломатиялық тағайындау жасады

пресс-служба Акорды
пресс-служба Акорды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлықтарымен Қазақстанның шет мемлекеттердегі елшілері тағайындалып, бір дипломат қызметінен босатылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Ермек Беделбайұлы Көшербаев Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі болып тағайындалды.

Еркін Валитханұлы Тұқымов Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды. Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

Сонымен қатар Мемлекет басшысының Жарлығымен Сәулекүл Сайлауқызы Қазақстан Республикасының Марокко Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі және Қазақстан Республикасының Того Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды.