Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы Президент Жарлығы

17.12.2025 12:24
пресс-служба Акорды

Қазақстан Президенті елдің энергетика саласын дамытуға айрықша үлес қосқан азаматтарды мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Отан» ордені

Еңбек жолында сала дамуына зор үлес қосқан тұлға марапатталды:

  • Әбітаев Есберген Әбітайұлы – еңбек ардагері, Алматы қаласы.

«Парасат» ордені

Энергетика саласындағы кәсіби еңбегі мен жауапты қызметі үшін:

  • Атақұлов Ермаханбет Тиллабекұлы – «KEGOC» АҚ басқарушы директоры, Астана қаласы

  • Сүлейменов Серік Жүсіпұлы – «Электр энергиясы мен қуаты рыногының қазақстандық операторы» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі, Қызылорда облысы

«Құрмет» ордені

Өндірістегі ұзақ жылдық еңбегі мен сала дамуына қосқан үлесі үшін наградталды:

  • Асрепов Миржан Ғұмарұлы – еңбек ардагері, Астана қаласы

  • Бузав Әбжәлі Мәуленұлы – «Жылу» МҚК шебері, Түркістан облысы

  • Қожин Мұрат Қабиденұлы – еңбек ардагері, Ақмола облысы

  • Нұрмұханбетов Ержан Әбитайұлы – «Талдықорған акционерлік электр жүйелерін тасымалдау компаниясы» АҚ аға диспетчері, Жетісу облысы

  • Рау Владимир Александрович – еңбек ардагері, Павлодар облысы

  • Хван Александр Федорович – еңбек ардагері, Маңғыстау облысы

ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордені

Саладағы үздік шеберлік пен жоғары кәсіби деңгейі үшін марапатталды:

  • Вашкель Иван Вацлавович – «КЕGОС» АҚ «Ақмола жүйералық электр желілері» филиалы Петропавл АЭЖ «Мүсірепов» 220 кВ-КС электр слесары, Солтүстік Қазақстан облысы

  • Есжанов Амандық Оразғалиұлы – «МАЭК» ЖШС 1-ЖЭО слесары-жөндеушісі, Маңғыстау облысы

  • Жамалақов Қанатбек Ерділдаұлы – «Жамбыл электр желілері» ЖШС Мойынқұм АЭЖ шебері, Жамбыл облысы

  • Колесников Сергей Викторович – «Текелі энергокешені» ЖШС электр слесары, Жетісу облысы

  • Сейсекенов Қайырғали Жұмаұлы – «Батыс Қазақстан өңірлік электржелілік компаниясы» ЖШС жүргізушісі, Батыс Қазақстан облысы

  • Ысқақ Айтжан Бахытжанұлы – «Энергосистема» ЖШС кабелшісі-көлік жүргізушісі, Ақтөбе облысы

«Ерен еңбегі үшін» медалі

Энергетика саласында табысты еңбек еткен қызметкерлер марапатталды:

  • Азанғұлов Қуаныш Орынбайұлы – «Өскемен ЖЭО» ЖШС слесары, Шығыс Қазақстан облысы

  • Ақбаев Жандарбек Садырұлы – «СКЗ-U» ЖШС электр монтері, Қызылорда облысы

  • Бекмағанбетов Фазылбек Қайлыұлы – «KEGOC» АҚ 220 кВ КС электр слесары, Қостанай облысы

  • Бернгардт Ольга Владимировна – «Қарағанды Жарық» ЖШС Бұқар Жырау АЭЖ кіші станциясының шебері

  • Волков Дмитрий Геннадьевич – «Петропавл жылу жүйелері» ЖШС №1 ауданының электрмен және газбен дәнекерлеушісі, Солтүстік Қазақстан облысы

  • Гибадулин Равиль Сибагатуллович – «Астана-Энергия» АҚ қазандық машинисі, Астана қаласы

  • Елеманова Әлия Аликқызы – «Алматы энергетика және байланыс университеті» КеАҚ профессоры, Алматы қаласы

  • Калинина Татьяна Васильевна – «Kazakhmys Energy» ЖШС «Топар бас тарату энергостанциясы» бу турбина машинисі, Қарағанды облысы

  • Кенжеев Абдуәли Бұрханұлы – «Шардара СЭС» АҚ гидротехникалық жабдықтарды қараушысы, Түркістан облысы

  • Қапез Ерқанат Жандарбекұлы – «Еуразия энергетикалық корпорациясы» АҚ тепловоз машинисі, Павлодар облысы

  • Қаратаев Болатбек Жәнібекұлы – «ҚызылордаЖылуЭлектрОрталығы» МКК операторы

  • Мелентьев Андрей Иванович – «Шығыс Жылу» АҚ Үлбі АЭЖ электрмен және газбен дәнекерлеушісі, Шығыс Қазақстан облысы

  • Темникова Евгения Геннадьевна – «Талғар Жылу» МКК бас инженері, Алматы облысы

Президент Жарлығы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.