Рейд екі аптаға жалғаспақ
Жамбыл облысында биыл 1300-ге жуық жол көлік оқиғасы болған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұл өткен жылға қарағанда 27 пайызға көп. Сондықтан полицейлер аймақта «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасын ұйымдастырып жатыр. Тәртіп сақшылары небәрі 3 күн ішінде жол ережесін бұзған 3200 жүргізушіні жауапқа тартты. Олардың тең жартысы қала ішінде жылдамдықты асырған. Ішімдік ішіп, көлік басқарған, қарсы бағытқа шығып, өрескел жол ережесін бұзғандар да бар. Полицейлер скутерді құжатсыз айдаған 15 жүргізушіні, транзиттік көлікті сақтандырусыз басқарған 25 адамды анықтады. Рейд екі аптаға жалғаспақ.
«Күнделікті жылдамдықты асырған көліктер тіркелді. Іс-шараның басты мақсаты – жол көлік оқиғасының алдын алу. Қала ішінде қарыс бағытқа шығу жол көлік оқиғасының негізгі себебі болып отыр» – деді Полиция басқармасының рота командирі Ержан Ибрагим.
Оқи отырыңыз: Алматы облысында баласын асыраудан бас тартқан 33 адам сотталды