Қаза болған жасөспірімнің үйіндегі өрт: Бас прокуратура мәлімдеме жасады

Фото: inbusiness.kz
Фото: inbusiness.kz

Қылмыстық iс Бас прокурордың бақылауына алынды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

ҚР Бас прокуратурасы Талғарда қаза тапқан 16 жастағы Шерзат Болаттың отбасы тұратын үйдің өртеніп кету дерегінен кейін ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

«Талғарда жасөспірімді өлтіру ісі бойынша жәбірленушілердің үйін өртеу фактісіне қатысты 2024 жылғы 12 қазанда Бас прокуратураның басшылығымен қылмысты ашу үшін ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды.

Кінәлілерді әшкерелеу үшін барлық шаралар қабылданатын болады», - делінген ведомствоның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сондай-ақ Қылмыстық iс Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бақылауына алынды.

Еске салайық, 4 қазанға қараған түні Талғарда азық-түлік дүкені жанында жанжал болып, соның салдарынан 16 жастағы жасөспірім пышақ жарақатынан қаза тауып, тағы екі адам жарақат алған болатын. Аталған оқиғаға қатысты 7 адам қамауға алынды. Қаза болған жасөспірімнің туыстарының айтуынша, оларға шабуыл жасаған қарулы топтың құрамында 13 адам болған. Ал бүгін, яғни 12 қазанда түнде белгісіз біреулер марқұмның туғандары тұратын үйді өртеп жіберген.  

Оқи отырыңыз: Қылмыскерлер әділ жазалануы керек: Мәжілісмен Талғардағы жаға ұстатқан жағдайға қатысты үн қатты

Новости партнеров