Қаза тапқандар бар: Астанада екі жүк көлігі өртеніп кетті

25.04.2025 18:02

Кабиналардың бірінен ер адамның мәйіті табылды

Видеодан кадр

Астанада екі жүк көлігі жол-көлік оқиғасына ұшырады. Жол апаты салдарынан көліктер отқа оранды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Астана Полиция департаменті мәліметінше, жол апаты 25 сәуірде Байқоңыр ауданында, Пушкин көшесінде болған.

Екі жүк көлігі соқтығысып, соның салдарынан өртеніп кеткен.

Оқиға орнына келген өртсөндірушілер отты сөндірді.

"Өртті сөндіру барысында өртенген кабиналардың бірінен ер адамның мәйіті табылды. Қазір оның жеке басы анықталып жатыр", – деп мәлімдеді елордалық ПД.

Оқи отырыңыз: Су тасқыны: Қызылжар ауданында ауыл тұрғындары эвакуацияланып жатыр