Қазақ әдебиетінің фотошежіресі: Жанай Омаровтың фотоальбомының тұсаукесері өтті

06.05.2025 20:54

Қатысушылар назарына қазақ халқының өткені мен әдебиет тарихын бейнелейтін фотокөрме ұсынылды

Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары архивінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жанай Омаровтың «Қазақ әдебиеті: фотошежіре 1980–2020 жылдар» фотоальбомының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Іс-шара аясында «Ұлттық тарихты сақтау мен зерттеудегі кино-фотоқұжаттардың рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылып, фотожурналистиканың тарихи оқиғаларды жариялаудағы орны, архив материалдарының деректі фильмдердегі маңызы, этнограф Самуил Дудиннің 1899 жылғы фотосуреттеріндегі көшпелі өмір бейнесі талқыланды. Қатысушылар назарына қазақ халқының өткені мен әдебиет тарихын бейнелейтін фотокөрме мен Қазақстан Жазушылар одағының құрылу тарихынан сыр шертетін бейнефильм ұсынылды.

 «Бүгінгі дөңгелек үстелдің мақсаты – кино және фотоқұжаттардың сақтау және оның зерттеу. Осы бағытта спикерлер пікірін ортаға салайын деп отыр», – деді Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар архивінің директоры Ілияс Ысқақов.

Оқи отырыңыз: Ерлікке тағзым: Алматыда ескерткіш тас белгісі орнатылды