Баян Мұқанова саналы ғұмырын ғылым мен білімге арнады
Белгілі қазақ жазушысы Сәбит Мұқановтың қызы Баян Мұқанова дүние салды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Бұл туралы Сәбит Мұқанов пен Ғабит Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық мұражай кешені хабарлады.
"Алматы қаласы музейлер бірлестігі, С. Мұқанов пен Ғ. Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық музей кешенінің ұжымы қазақтың қарымды қаламгері, академик Сәбит Мұқановтың қызы Баян МҰҚАНОВАНЫҢ қайтыс болуына байланысты отбасы мен туыстарына қайғысына ортақтасып, көңіл айтады", - делінген хабарламада.
Сәбит Мұқанұлы Мұқанов – қазақтың әйгілі жазушысы, ақыны, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі және 1943-1952 жылдары Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы болған.
Оның танымал шығармаларының қатарында "Ботагөз", "Сырдария" романдары мен "Өмір мектебі" өмірбаяндық трилогиясы бар.
Баян Мұқанова отбасының ғылыми дәстүрін жалғастырып, саналы ғұмырын ғылым мен білімге арнады. Ол химия ғылымдарының кандидаты, ауыл шаруашылығы институтында сабақ берді.
Оқи отырыңыз: Алматы облысында үш көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты