Фесенков атындағы астрофизика институты мамандарының мәліметінше, 7 қыркүйек күні сағат 21:26-да Ай Жердің жартылай көлеңкесіне ене бастайды,- деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Толық фаза 22:29-да басталып, 23:53-те аяқталады. Ал тұтылу 8 қыркүйек сағат 00:56-да толықтай аяқталады. Ай толық фазада 1 сағат 22 минут бойы болады және қызғылт түске боялуы мүмкін. Қазақстандықтар 2022 жылдан бергі ең ұзақ Айдың тұтылуын 5,5 сағат бойы бақылап отыр.
Ғалымдардың айтуынша, тұтылу кезінде Ай сұр-қызыл реңкке ие болып, халық арасында «Қанды Ай» деген атқа ие болады. Бұл құбылыс физика мен атмосфералық оптика заңдарымен түсіндіріледі.
"Бұл Рэлейдің шашырауы деп аталатын белгілі құбылыс. Қысқа жарық толқындары (көк және жасыл) Жер атмосферасында шашырайды, ал ұзындары (қызыл және қызғылт сары) әрі қарай өтіп, сына отырып Ай бетіне жетеді. Нәтижесінде Ай қызыл түске боялады. Бұл күн батқан кездегі аспанның қызарған түсіне ұқсайды және мұнда ешқандай мистикалық мән жоқ", — деп түсіндіреді астрономдар.
Оқи отырыңыз: Ай тұтылуын қай жерден анық бақылауға болады