Қазақстан азаматтығын алуды жеңілдететін құжат жобасы талқылауға шығарылды

Scott Graham/unsplash.com/
Scott Graham/unsplash.com/

Осы бұйрықтың жаңа редакциямен жазу ұсынылып отыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ғылым және жоғары білім министрлігі Қазақстан азаматтығын алғысы келетін және қалпына келтіргісі келетін шетелдіктерге қойылатын мемлекеттік тілді білу талабын жеңілдететін бұйрық жобасын «Ашық НҚА» порталына шығарды, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Жобаны қабылдау Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға үміткерлерді тестілеудің әрбір пәні бойынша сұрақтар санының максималды тең қатынасын қамтамасыз етуге және шекті деңгейді 10%-ке төмендетуге мүмкіндік береді", — деп жазылған құжаттың қабылдауынан күтілетін нәтиже туралы түсіндірмесінде.

Құжаттың ресми атауы — «Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау немесе азаматтығын қалпына келтіру кезінде мемлекеттік тілді қарапайым деңгейде, Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздерін, сондай-ақ Қазақстан тарихын білу көлемін бекіту туралы» бұйрық. Осы бұйрықтың жаңа редакциямен жазу ұсынылып отыр.

"Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау немесе азаматтығын қалпына келтіру кезінде мемлекеттік тілді қарапайым деңгейде 15 (он бес) балдан кем емес, Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздерін 20 (жиырма) балдан кем емес, сондай-ақ Қазақстан тарихын 15 (он бес) балдан кем емес білу көлемі бекітілсін", — делінген жаңа редакция жобасында.

 Оқи отырыңыз: Алматыда Matic Basket криптопирамидасы әшкере болды

Новости партнеров