Оқушылар құтқарушылар мен өрт сөндірушілердің ерен еңбегін қағаз бетіне түсірді
Балаларды қорғау күніне орай алматылық оқушылар құтқарушылар мен өрт сөндірушілердің ерен еңбегін қағаз бетіне түсірді, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Қазақстан балалары» республикалық акциясы аясында Түрксіб ауданында сурет байқауы өтті. Іс-шараны қалалық Төтенше жағдайлар департаменті ұйымдастырды. Конкурсқа ауданның 28 мектебінен 57 оқушы қатысты. Жас суретшілер өз туындылары арқылы төтеншеліктердің еңбегін, батырлығы мен жанқиярлығын көрсетуге тырысты. Сонымен қатар балалар күнделікті өмірде және қоғамдық орындарда туындайтын қауіп-қатерден сақтану жолдарын да бояумен жеткізді.
«Суреттің мақсаты – дер кезіндегі өрт сөндірушілердің қимыл, іс-әрекетін сипаттау. Туындыда композициялық шешім көрсетіледі», – деді № 83 мектеп-гимназиясының мұғалімі Мейрам Абдуллаев.
Оқи отырыңыз: Дәрігер – балалардың жанашыры: Алматыда акция өтті