Қазақстан экономикасы 10 айда 6,5 пайызға өсті. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, тауар өндірісі 8,2, қызмет көрсету секторы 5,3 пайызға артқан, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жалпы ішкі өнімнің өсуіне өнеркәсіп саласы әсер еткен. Ондағы өсім - 7,3 пайыз. Ал жалпы үлесі 30 процент. Сауда мен көлік салаларын қосқанда бұл көрсеткіш 70 пайыздан асады. Өңдеу өнеркәсібінде де оң серпін байқалады, мұндағы өсім 6 пайызға жуық. Бұл көрсеткіш жекелеген бағыттардағы тауар өндірісінің артуымен байланысты.
Атап айтқанда машина жасау – 11,5 пайыз, химия өнеркәсібі – 11 пайызға жуық, азық-түлік өндірісі – 9, ал мұнай өнімдері – 6 проценттен асқан. {ВИДЕО} Құрылыс саласында да алға жылжу бар. Ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асырудың нәтижесінде 2025 жылдың қаңтар-қыркүйегіндегі 14,9 пайыздық өсім 15,1 процентке жетті. Ауыл шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығында да көрсеткіш жақсы. Бұл нәтижеге мемлекеттік қолдау, агротехнологияларды сақтау және егін жинау науқаны кезіндегі қолайлы ауа райы әсер еткен. Сауда саласында нәтиже 9 пайызды құрады. Ең жоғары динамика көтерме саудада байқалып отыр – оның үлесі 66,5 пайыз. Павлодар, Атырау облыстары мен Астана қаласында айналым көлемі артқан.
Оқи отырыңыз: Қазақстанға 2026 жылға 4000 қажылық орны бөлінді