Депутат Андрей Лукин «KazSat-3R» жобасын қолдау үшін бюджеттен 40,2 миллиард теңге бөлуді сұраған
Қазақстан ғарыш индустриясында жалға беруші ел мәртебесінен ғарыш қызметін экспорттаушы мемлекетке айналуы тиіс. Сенаторлар осы бағытты дамытуға қатысты ұсыныс айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Депутат Андрей Лукин ел ғарыш саласындағы кәсіпорындарға конкурстар мен технология енгізу кезінде жағдай жасап, оларды қолдауы керек екенін айтты. Спутниктік бағдарламаны жаңғыртып, жеңіл тасымалдаушы зымыранды ұшыру қажет екенін айтты. Сондай-ақ сенатор саладағы кадр тапшылығын жойып, жерсеріктерді басқару орталығын кеңейтуді ұсынды. Өз сөзінде Лукин «KazSat-3R» жобасын қолдау үшін бюджеттен 40,2 миллиард теңге бөлуді сұраған.
«Кадр даярлау мен ғылыми әлеуетті дамытуға ерекше көңіл бөлу қажет. Бұл –расында да үлкен мәселе. Бізде ғылыми институттар жоқтың қасы. Ал техникалық оқу орындары мен факультеттерде халықаралық деңгейдегі мамандарды дайындайтын бағдарламалар жоқ. Сондықтан инженерлік, ғарыш факультеттерін ашу, тағылымдамаларды қолдау, ғылыми базаларды дамыту аса қажет», – деді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Андрей Лукин.
Оқи отырыңыз: Сауда министрлігі төрт айда тұтынушылардың 690 млн теңгесін өндіріп берді