Астана, Алматы мен Шымкент әуежайларынан қажыларды ағайын-туыстары салтанатты көңіл-күймен қарсы алды
Қазақстан қажылары Отанымызға түгелдей аман-есен оралды. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Қажылық бөлімінің меңгерушісі Жәнділдә Бекжігітов, айтты деп хабарлайды Almaty.tv.
«Қажылар мінген соңғы рейс, яғни 168 азаматымыз елімізге аман жетті. Кувейт мемлекетінің «Jazeera» әуекомпаниясы белгіленген уақытқа сәйкес ұшты. Тікелей рейстерге қатысты кешігу немесе басқа уақытқа ауыстыру сынды жағдайлар орын алмады», - деді Жәнділді Бекжігітов.
Сондай-ақ Астана, Алматы мен Шымкент әуежайларынан қажыларды ағайын-туыстары салтанатты көңіл-күймен қарсы алды.
Айта кетейік, Қазақстан қажылық миссиясы Мекке қаласында ашылған жұмыс кеңсесінде бес бағыт, яғни уағыз-насихат, алғашқы медициналық көмек, ұйымдастыру-үйлестіру, пәтуа беру, ақпарат тарату бойынша жұмыс істеді.
Оқи отырыңыз: Алакөл жағалауында қауіпсіздік күшейтілді