Садақ ату: Қазақстан құрамасы Азия кубогының финалына шықты

18.06.2025 21:40

Финалда Қазақстан құрамасы Үндістанмен кездеседі

Аlmaty.tv

Садақ атудан Сингапурда өтіп жатқан Азия кубогының кезеңінде Қазақстан ерлер құрамасы финалға жолдама алды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Оlympic.kz-ке сілтеме жасап.

Блоктық садақ атудан командалық сында ел намысын Андрей Тютюн, Ділмұхамед Мұса және Бунед Мирзаметов қорғауда.

«Ширек финалда ұлттық құрама Филиппин командасынан 229:223 есебімен басым түсті», - делінген хабарламада.

Ал жартылай финалда мергендеріміз Малайзияны бір ұпай айырмашылығымен – 232:231 есебімен жеңіп, шешуші кезеңге жолдама алды.

Финалда Қазақстан құрамасы Үндістанмен кездеседі.

Оқи отырыңыз: Павлодар облысында қызын бірнеше мәрте зорлаған өгей әке сотталды