Салада оң көрсеткіш байқалды
Қазақстанның туризм саласындағы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 460 млрд теңгеден асты, деп хабарлайды Аlmaty.tv Туризм индустриясы комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2025 жылғы маусым айының қорытындысы бойынша туризм саласында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемінде оң көрсеткіш байқалды. Яғни, биылғы алғашқы алты айда негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 460,2 млрд теңгеге жетіп, 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (390,5 млрд теңге) 18%-ға артқан.
Талдау барысында тұрғын үй және тамақтану, өнер, ойын-сауық және демалыс, көлік, жалға беру, туризм бизнесі, спорт және бос уақытты ұйымдастыру сынды 14 экономикалық қызмет түрі ескерілді.
Өңірлер бойынша инвестиция өсімінде көш бастағандар:
Бұл көрсеткіштер туризм саласының қарқынды дамып келе жатқанын және сектордың инвестициялық тартымдылығы артып отырғанын көрсетеді. ҚР Туризм және спорт министрлігі өңірлердегі инвестициялық бастамаларды қолдау мен туристік инфрақұрылымды дамыту бойынша жұмысты жалғастырады.
Оқи отырыңыз: Алматы: 27 мың көрермен, 10 млрд теңге табыс және Дженнифер Лопес командасы берген жоғары баға