Қазақстан әуежайларында қол жүгін тексерудің жаңа тәртібі енгізілді

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Енді тыйым салынған заттар әуежайда сақталмайды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстан әуежайларында қол жүгін тексеруге қатысты жаңа ережелер енгізілді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Air Astana компаниясының баспасөз қызметі хабарлағандай, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 21 тамыздағы қаулысына сәйкес авиациялық қауіпсіздік қағидаларына өзгерістер енгізілді.

«Жаңа талаптарға сәйкес, тексеру кезінде анықталған кейбір заттар мен бұйымдарды әуежай аумағында сақтауға болмайды. Егер оларды әдейі алып өту көзделмесе, жолаушыны шығарып салуға келген адамдарға табыстау ұсынылады. Әйтпесе мұндай заттар тәркіленіп, жойылады», - делінген хабарламада.

Әуе компаниясы жолаушыларға тыйым салынған заттардың толық тізімімен алдын ала танысуды ұсынады: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300033197

Оқи отырыңыз: Кредитті мерзімінен бұрын төлеу: 31 тамызда жаңа ереже күшіне енеді

Новости партнеров