Бакуде Қазақ киносының айлығы басталды.
Бакуде Қазақ киносының айлығы басталды. Салтанатты іс-шара «Дос-Мұқасан» музыкалық драмасымен ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Режиссер Айдын Сахаманның фильмі елдің музыка өнеріне жаңа серпін берген, қазақ рокының негізін қалаушы танымал қазақстандық ансамбльге арналады.
Іс-шара аясында әзербайжандық талантты әншілер мен музыканттардың қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, бұл кеш қос халық арасындағы мәдени байланыстың айқын көрінісіне айналды.
Кешке Қазақстан Республикасының Әзербайжан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Әлім Байел, шығармашылық және ғылыми зиялы қауым өкілдері, дипломатиялық корпус мүшелері, БАҚ, Бакуде тұратын қазақстандықтар мен қазақ киносын қолдаушылар қатысты.
Оқи отырыңыз: Түркістан – қолөнершілер қаласы: шаһарда халықаралық фестивалі өтеді