Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті басқармасының басшысы Шалқар Оразбеков айтып берді
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 31 желтоқсанды ресми демалыс күні ретінде белгілеу мүмкіндігіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
"Біз бұл мәселені бірнеше рет қарастырдық. Халықаралық тәжірибені зерделедік, яғни өзге де елдерде 31 желтоқсан жұмыс күні ретінде белгіленген. Басқа да мемлекеттерде 1 және 2 қаңтар мереке күндері саналады", — деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті басқармасының басшысы Шалқар Оразбеков.
Оның айтуынша, қазір Қазақстанда 31 желтоқсанды демалыс күні деп жариялау мәселесі қарастырылып жатқан жоқ.
Сонымен қатар ол жекелеген кәсіпорындар өздерінің ішкі тәртіп ережелері аясында жұмыс күнін қысқартуға немесе 31 желтоқсанды демалыс күні деп жариялауға құқылы екенін түсіндірді.
Оқи отырыңыз: Қазақстанға экологиялық қауіпті шиналар заңсыз тасымалданған