Қазақстанда 5 жұлдызды қанша қонақүй бар

Nik Lanús/ unsplash.com/
Nik Lanús/ unsplash.com/

Стат бюро берген мәліметке сенсек, Алматы қаласы мен Астана ең көп туристерді қабылдаған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Биылғы жылдың қаңтар, наурыз аралығында Қазақстан сырттан келген 1,9 млн мейманды қабылдаған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

"2025 жылғы қаңтар, ақпан, наурыз айларында Қазақстан қонақүйлері 1,9 млн мейманды қабылдады. Бұл ретте көрсетілген қызметтер көлемі 60,9 млрд теңгеге жетсе, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл 14,5% артық", — делінген хабарламада.

Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша қонақүйлердің саны 4 313 екені белгілі болып отыр. Өткен жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда олардың саны 309-ға артқан.

Қонақүйлердің түрлері бойынша қонақтардың негізгі үлесі мейрамханасы бар қонақүйлерге тоқталуды жөн көрген. Келушілердің 50,5%, тағы 11,3% — коттедждерде, ауылдық үйлерде, пәтерлерде тұрақтаған.

Стат бюро берген мстатиәліметке сенсек, Алматы қаласы мен Астана ең көп туристерді қабылдаған.  Алматы (496,9 мың адам) мен (Астана — 314,1 мың адам).

Айта кетейік, Қазақстанда 5 жұлдызды рейтингі бар 25 қонақүй бар, бірінші тоқсанда 165,9 мың мейман тоқталған.

"I тоқсанда курорттық аймақтарда 883,3 мыңнан астам адам демалған, оның 637,7 мыңы — Алматы тау кластерінің келушілері", — деп жазды Ұлттық статистика бюросы.

Оқи отырыңыз: Өткен жылы еңбек жағдайындағы оқыс оқиғадан неше адам қаза болды

 

Новости партнеров