Қазақстанда автолизингпен көлік алу шарттары белгілі болды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда автолизингпен көлік алу шарттары белгілі болды. Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, лизингтің жылдық мөлшерлемесі 4 пайыздан, ал тиімді мөлшерлеме 7,5 проценттен аспайды деп белгіленді. Несие мерзімі 7 жыл деп бекітілсе, автонесиеге тән талаптар бекітілген. Бастамаға қатысты автосарапшылардың пікірі қандай? Осы және өзге сұрақтарға "Алматы" телеарнасының студия қонағы автосарапшы Еркебұлан Құлбасов жауап береді.

– Еркебұлан мырза, жаңа автолизинг жүйесі халық үшін қаншалықты тиімді?

«Лизинг" деген сөз жалға алу деген мағына беретін болса, жалға алатын заттың ешқандай пайыздық үстемесі де, алғашқы жарнасы да болмауы керек. Айта кетейік, лизингке автокөлік алған кезде, оны беретін қаржылық ұйымдар бар. Екіншіден, осы автокөліктерді сатып беретін автосалондар бар, бәрінен шығатын бағаның бәрін есептейтін болсақ және оған пайыздық үстеме қосатын болсақ, ол үлкен сумаға айналып кету қауіпі бар. Біріншіден,  елімізде көне автокөлікті мініп жүрген азаматтар көлікті жалға алады. Оның бастапқы тіркеу салық жарнасы, пайыздық үстемелерін төлеп алу – лизинг емес тағыда несиеге пара-пар болғанедықтан, азаматтардың мүмкіншілігі болмайды. Лизингтің бастапқы жарнасы, пайыздық үстемесі болмауы керек. Халыққа тікелей қолжетімді болуы керек. Сол кезде лизинг жұмыс жасайды деген ойдамыз.

– Бұл бағдарлама елдегі ескі көліктерді жаңартуға және отандық автонарықты дамытуға қалай әсер етеді?

«Лизинг бағдарламасы еліміздегі автопаркты жаңартуға ешқандай әсерін етпейтініне 100 пайыз көзіміз жетеді және дәлелімізде бар. Қазақстанда 2024 жылдың есебі бойынша 5 млн 574 мың автокөлік тіркелген болса, соның 50 пайызға жуығы  20 жылдан асып кеткен. Сол 2,5 млн автокөлікті басқарып жүрген азаматтарда бастапқы тіркеу салық жарнасын, пайыздық үстемесін төлеп алатын мүмкіншілігі жоқ. Нарықты өзіміздің автопаркті жаңартайын десек, бірден-бір кедергі – утиль алыммен бастапқы тіркеу салық жарнасы. Лизинг жаңа бағдарламасы отандық автонарыққа кері әсерін тигізеді. Өйткені осы лизингпен өткен автокөліктерді 3-4 жылдан кейін сатқанда шығындардың бәрін бірге қосып сататыны белгілі. Ол автонарықтың қымбаттауына әкеліп соғады. Сондықтан  автонарықты кеңейтуіміз керек.

Оқи отырыңыз: Кедергісіз алдын-алу: онкоскринингтен тегін және МӘМС-сыз өтуге болады

Новости партнеров