Қазақстанда геологиялық мәліметтер толығымен цифрландырылмақ

11.11.2025 13:12
Үкіметтің баспасөз қызметі

Еліміздің геологиялық ақпараты келесі жылы толықтай цифрландырылады. Бұл туралы Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ол қазір Бірыңғай платформа арқылы 66 мыңнан астам геологиялық есепті онлайн алуға мүмкіндік бар екенін жеткізді. Сонымен қатар бастапқы геологиялық ақпаратты да цифрландыру жүргізілуде.

«Бүгінде оның 73%-ы электронды форматқа ауыстырылды, жыл соңына дейін 97%-ға жетпек. Ал толық цифрландыруды келесі жылы аяқтау көзделіп отыр»,  — деді Иран Шархан.

Геологиялық талдау сапасын арттыру мақсатында «Ұлттық геологиялық қызмет» базасында жаңа заманауи зертханалық кешен құрылатын болады. Ол жобада зертханадан бөлек қор сақтау және керн қоймасы ғимараттары да қарастырылғанын атап өтті. Бұл елімізде бірыңғай геологиялық деректер базасын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

«Бүгінде құрылыс жұмыстарына Астана қаласынан 4 гектар жер учаскесі бөлінді. Жоба құны – 14 млрд теңге. Зертханалық кешенді 2028 жылдың желтоқсан айында іске қосу жоспарлануда», — деді Иран Шархан.

Оқи отырыңыз: Жетісу ауданында 28 аула мен 1,5 шақырым жағалау абаттанды