Еліміздің барлық өңірінде қалалық және аудандық шақыру комиссиялары өз жұмысын бастады
Бүгін, 28 тамызда Қазақстанда ресми түрде күзгі әскерге шақыру науқаны басталды. Ол 31 желтоқсанға дейін жалғасады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Kazinform-ға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес 2 қыркүйектен бастап еліміздің барлық өңірінде қалалық және аудандық шақыру комиссиялары өз жұмысын бастады. Осы кезеңде 18 бен 27 жас аралығындағы шамамен 22 мың жас қазақстандық Қарулы күштер мен басқа да әскери құрылымдардың қатарына қосылады. Бұл туралы Астананың Қорғаныс істері жөніндегі департаменті басшысының орынбасары Әнуар Әубәкіров пен ведомство өкілі Ғани Артықов елорданың Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім етті, деп жазды қала әкімдігінің ресми сайты.
Шақырылушылар келесі әскери құрылымдарға бөлінеді:
Тек Астананың өзінен биылғы күзгі шақырту науқаны аясында 1000-нан астам жас әскер қатарына жіберіледі. Биыл әскерге шақыру рәсімі халық үшін барынша ашық әрі ыңғайлы форматта ұйымдастырылған.
Шақырылушыларға жеке шақырулар және 1414 бірыңғай байланыс орталығы арқылы SMS-хабарламалар жолданады. Сонымен қатар Қорғаныс істері жөніндегі департаменттердің электронды поштасы мен әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары арқылы азаматтар қажетті ақпаратты жылдам әрі ашық ала алады. Астананың Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің өкілі, полковник Ғани Артықовтың айтуынша, мұндай шаралар халықпен тиімді қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік береді.
Департамент басшысының орынбасары, полковник Әнуар Әубәкіров мерзімді әскери қызметтің артықшылықтары мен соңғы жылдары енгізілген жаңашылдықтарға тоқталды. Негізгі шаралар қатарында:
– Әскери қызмет – бұл тек міндет қана емес, азаматтық борыш. Мерзімді әскери қызметтен заңсыз жалтарғандар үшін заңнамада қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік көзделген, - делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: ЖОО-лар жанындағы 58 жатақханада күрделі жөндеу жүргізілді