Қазақстанда педофилдерді химиялық кастрациялау ережесі өзгеруі мүмкін

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

ДСМ жоба мәтінін жариялады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда педофилдерді химиялық кастрациялау ережелері өзгеруі мүмкін, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Nur.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі "Ашық НҚА" порталында химиялық кастрациялау ережелеріне өзгерістер енгізуді ұсынатын жобаның мәтінін жариялады,

"Бостандыққа шығардан алты ай бұрын химиялық кастрация қолдану және жазасын өтеу мерзімі аяқталғанға дейін 12 айдан кешіктірілмей мекеме әкімшілігінің материалдарын сотқа жолдау арқылы сот-медициналық психиатриялық сараптама тағайындау туралы түзету енгізілуде. Бұл сараптама олардың психикалық ауытқулары мен жыныстық зорлыққа бейімділігінің бар-жоғын анықтау үшін қажет", - делінген "Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына енгізілетін өзгерістер жобасында.

Еске салсақ, Қазақстанда химиялық кастрация 18 жастан асқан, кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық қолсұғушылық жасаған адамдарға қолданылады. Бұл – педофилия үшін сотталған, қамауда отырған немесе босатылуы тиіс адамдарға қатысты шара.

Оқи отырыңыз: Қарағанды маңында жол апатынан мотоциклші қаза тапты

Новости партнеров