Қазақстанда президент, әкім және депутат болуға үміткерлерге талап қатаңдайды. Жаңа заң жобасына сәйкес, әкімдікке кандидаттар міндетті түрде сайлау қорын құруы керек, деп хабарлайды Almaty.tv.
Мәжіліс депутаты Снежанна Имашеваның айтуынша, негізгі мақсат – бір үміткерді бірден бірнеше округтен ұсынуға жол бермеу. Сондай-ақ Мәжіліс пен мәслихат сайлауына қатар қатысуға шектеу енгізіледі. Президентке, депутаттарға, әкімдерге және Орталық сайлау комиссиясы мүшелеріне ортақ талап болады. Бүгін халық қалаулылары Сайлау туралы заңға өзгерістер әзірледі. Енді заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті қорытынды дайындайды.
«Аталған заң жобалары ҚР Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының жоспарына сәйкес электоральдық практиканы ескере отырып сайлау жүйесін жетілдіруге қатысты Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында әзірленді. Онда әкімге кандидаттың сайлау қорын құру, президенттікке, депутаттыққа, әкімге сайлау комиссия мүшесіне кандидаттарға ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша соттылығы болмауы бойынша талаптарды күшейту көрсетілген. Жоба үгіт насихат мәселелерін және т.б мәселелерді реттеуге бағытталған», – деді ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Снежанна Имашева.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда құс етіне импорттық тәуелділік азайды