Қазақстанда тағы бірнеше ауыл ішімдіктен бас тартты

Thomas Picauly/unsplash.com/
Thomas Picauly/unsplash.com/

Бұл бастама ауыл ақсақалдарының қолдауына ие болып, бірауыздан мақұлданды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақмола облысының Ерейментау ауданында бірнеше ауыл ішімдіктен бас тартты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Rýhy агенттігіне сілтеме жасап.

рейментау ауданының прокуратурасы мемлекет басшысының тапсырмасын және «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасын орындау мақсатында Еңбек ауылы тұрғындарымен кездесу өткізді.

Іс-шараның басты тақырыбы – ауылда алкогольдік өнімдерді тұтынудан және сатудан өз еркімен бас тарту болды.

Бұл бастама ауыл ақсақалдарының қолдауына ие болып, бірауыздан мақұлданды. Олар моральдық құндылықтарды, қоғамдық тәртіп пен өсіп келе жатқан ұрпақтың қауіпсіздігін сақтаудың маңыздылығын атап өтті.

Осы бастама қоғамдық тәртіпті нығайтуда елеулі қадам жасауға мүмкіндік берді.

Биыл аталған ауылда бірде-бір қылмыс тіркелген жоқ.

Аудан прокуроры басқа ауылдардың тұрғындарымен кездесу барысында Еңбек ауылы тұрғындарының үлгісіне еруді ұсынды.

Кездесулердің нәтижесінде тағы үш ауылдың тұрғындары белсенді азаматтық ұстанымдарын танытып, қауіпсіз әрі салауатты өмір сүру ортасын құруға ұмтылатын елді мекендердің қатарына қосылды.

Алкогольден бас тарту – прокуратура органдарының, жергілікті биліктің және белсенді тұрғындардың бірлескен күш-жігерінің нәтижесі болып, қоғамның құқық тәртібін нығайтуға және өмір сүру сапасын арттыруға қосқан шынайы үлесін көрсетті.

Оқи отырыңыз: Дархан Сатыбалды Алматыны ғылыми және білім беру хабы ретінде дамыту жайын Coventry University басшылығымен талқылады

Новости партнеров