Қазақстанда талапкерлердің ҰБТ тапсыратын күні өзгерді

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Өзгеріс соңғы қоңырау күнінің ауысуына байланысты болып отыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда соңғы қоңырау күнінің ауысуына байланысты талапкерлердің ҰБТ тапсыратын күні де өзгерді. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығы хабарлады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Орталық мәліметінше, соңғы қоңырау күнінің ауысуына байланысты 23 және 24 мамырға жоспарланған ҰБТ өткізу күндері де өзгертілді.

«23 мамырға өтініш берген талапкерлер ҰБТ-ны 25 мамырда тапсырады. 24 мамырға тіркелген талапкерлер ҰБТ-ны 1 маусымда тапсырады.

Тестілеудің жаңа күні туралы ақпарат app.testcenter.kz сайтындағы сіздің жеке кабинетіңізде автоматты түрде жаңартылады. Сонымен қатар сізге SMS-хабарлама жіберіледі. Соңғы қоңырауға және алдағы ҰБТ-ға дайындықта сәттілік тілейміз!" - делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: БАӘ-дегі Қазақстанның Сауда үйі өз жұмысын қашан бастайды

Новости партнеров