Қазақстанда үш күнде төрт есірткі зертханасы табылды

28.10.2024 09:55

Полицияның мәліметінше, есірткі қылмысына қатысты 10-нан астам адам қолға түсті

Елімізде үш күн ішінде төрт бірдей есірткі өндіретін зертхана табылып, полицияның көмегімен жойылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Полицияның мәліметінше, есірткі қылмысына қатысты 10-нан астам адам қолға түсті.

"Үш күн ішінде полиция төрт есірткі зертханасын анықтап, алты адамды ұстады, олардың екеуі шетел азаматы. Сондай-ақ 66 есірткі құқық бұзушылығы тіркелді, оның 13-і сату фактісі және тоғызы сақтау фактісі. Заңсыз айналымнан 35 келіден астам есірткі, оның ішінде 24 кг "синтетика" және 11 кг марихуана тәркіленді. Аталған қылмыстар бойынша 13 адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл жұмыс жалғасуда", – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Данияр Мейірхан.

Оқи отырыңыз:Зарина Дияс Қытайдағы турнирге арнайы шақырту алды