Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жаңа жоба әзірледі
Кейбір қазақстандықтар үшін зейнетақы төлемдерінің жаңа тәртібі енгізіледі, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жаңа жоба әзірледі. Жобада ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен зейнетақымен қамсыздандыру шартының үлгілік нысанына, соның ішінде "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ-тан (БЖЗҚ) төлемдер тәртібіне қатысты өзгерістер енгізу ұсынылады.
"Зейнеткерлік жасқа жеткен, бірақ ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптасқан жинақтарын алу үшін жүгінбеген азаматтар үшін БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін автоматты (өтінішсіз) тәртіппен жүзеге асыру жоспарланып отыр", - деп жазылған хабарламада.
Құжаттың толық мәтінімен агенттіктің интернет ресурсында танысуға болады.
Оқи отырыңыз: «Жасөспірім» іс-шарасы барысында 5200-ден астам қараусыз қалған бала анықталды - ІІМ