Қазақстанда жалған мекенжай бойынша тіркелгендерге айыппұл салынады

Thomas Lefebvre/unsplash.com
Thomas Lefebvre/unsplash.com

Заңдағы өзгерістер тіркеуді бақылауды күшейтеді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда тұрғылықты мекенжай бойынша тіркеу ережелеріне жаңа өзгерістер күшіне енді. Тиісті заңға 2025 жылғы 17 шілдеде президент қол қойды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Бір пәтерге немесе үйге тіркелетін адамдардың санына шектеу қойылады. Енді бір мекенжайға қалағанша адамды тіркеуге болмайды.

Алайда бұл шектеудің нақты нормалары әзірге көрсетілмеген, әр өңірдің мәслихаттары жеке анықтайтын болады.

Krisha.kz мамандарының айтуынша, Алматы мен Шымкенттегі тіркеу лимиттері әртүрлі болуы мүмкін.

Шектеулер бірге тұратын жұбайларға, балаларға және жақын туыстарына қолданылмайды. Бұл “резеңке пәтерлермен” күресудің жолы ретінде енгізілуде.

Заңдағы өзгерістер тіркеуді бақылауды күшейтеді.

Полиция пәтерлерді тұрғындар саны мен тұру шарттарына сай ма, жоқ па тексеруге құқылы. Егер тіркелген адамдар мен нақты тұратын адамдар сәйкес келмесе, яғни жалған тіркеу анықталса үй иесі де, тіркелген адам да айыппұл төлейді.

Айыппұл көлемі – 10 АЕК (шамамен 40 мың теңге).

Егер адам пәтерге тіркелгенімен, онда шын мәнінде тұрмаса, бұл жалған тіркеу деп танылады. Енді заңда бұл түсінік ресми түрде енгізілген.

Айта кетейік, Қазақстан азаматтары жаңа мекенжайда 30 күннен артық тұрса, уақытша тіркеу рәсімдеуі міндетті. Бұл қонаққа бару, үй жалдау, оқу немесе қызметтік іссапарлар сияқты жағдайларға қатысты.

Алайда жаңа өзгерістерге сәйкес, енді келесі санаттағы азаматтар уақытша тіркеусіз тұра алады:

• Тұрақты мекенжайынан тыс жерде оқитын студенттер;
• Қызметтік іссапармен келген қызметкерлер;
• Ұзақ мерзімді ем алып жатқан науқастар.

Заң 2025 жылғы 17 шілдеде күшіне енді, бірақ нақты өзгерістер әлі енгізілген жоқ.

Әр аймақтағы мәслихаттар лимиттерді бекітуі, ал уәкілетті органдар бақылау тетіктері мен тексеру рәсімдерін дайындауы тиіс.

Оқи отырыңыз: Дженнифер Лопестің Астана әуежайындағы видеосы тарады

Новости партнеров