Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері белгілі болды

22.07.2025 21:38

Елде 2,5 миллионға жуық зейнеткер бар

Towfiqu barbhuiya/unsplash.com/

Қазақстандағы орташа зейнетақының мөлшері де белгілі болды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, жиынтық сома - 143 529 теңге. Бұл өз кезегінде ынтымақты және базалық зейнетақы болып екіге бөлінеді. Кейінгі аталғаны кезек-кезеңімен арта бермек. Нақтылай айтсақ, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2023 жылдан бастап 5 жыл бойы базалық зейнетақының ең аз мөлшері - төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызына тең болуы керек. Ал ең жоғарғы көрсеткішті 120 процентке жеткізу біртіндеп жүзеге асады.

Айта кетейік, елде 2,5 миллионға жуық зейнеткер бар. Ал оларға төленетін ақы 2 триллион 98 миллиардқа жетіпті. Оның ішінде базалық төлемге 678 млрд жұмсалса, ынтымақты зейнетақыға 1 трлн 419 млрд теңге бөлінген. Зейнетақы инфляциядан озып, өсіп жатыр. Мәселен, 2025 жылдың қаңтарынан бері зейнеттік төлемдер елдегі инфляция деңгейінен 2 пайыз жоғары көрсеткішке жетіпті. Бұл ретте негізгі өсім ынтымақты зейнетақыда.

Оқи отырыңыз: Бауыр обыры мен гепатит туралы нені білген жөн