Қазақстан құрамасы 100 пайыздық командалық нәтиже көрсетті
Қазақстандық оқушылар биология пәні бойынша әлемдегі ең беделді олимпиададан төрт қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, Филиппинде мектеп оқушыларына арналған әлемдегі басты зияткерлік сайыстардың бірі – Халықаралық биология олимпиадасы (International Biology Olympiad, IBO-2025) өз мәресіне жетті. Биыл бұл додаға 80 елден 320-дан астам дарынды жас қатысты
Қазақстан құрамасының барлық төрт мүшесі қола медаль иеленіп, 100 пайыздық командалық нәтиже көрсетті:
Команданың ғылыми жетекшілері – отандық ғылымды белсенді дамытып жүрген жас биолог-ғалымдар Ләйлә Асқарова мен Ильяс Сакимов.
IBO-2025 олимпиадасы екі кезеңнен тұрды:
Қазақстан 1994 жылдан бері IBO олимпиадасына қатысып келеді. Осы уақыт ішінде ұлттық құрама 2 алтын, 18 күміс, 56 қола медаль жеңіп алды. Сондай-ақ 12 құрмет грамотасына ие болды. Еске сала кетейік, 2024 жылы Қазақстан бұл олимпиаданы өзі қабылдап, тағы да 100% нәтижеге қол жеткізген болатын.
Оқи отырыңыз: Жүзуден әлем чемпионаты: Әділбек Мусин Қазақстан рекордын жаңартты