Биылғы олимпиадаға әлемнің 100-ден астам елінен жас математик бақ сынайды
2025 жылғы 10–20 шілде аралығында Аустралияның Саншайн-Кост қаласында мектеп оқушыларынаарналған ең беделді зияткерлік жарыстардың бірі – математикадан халықаралық олимпиада (IMO) өтуде. Биылғы олимпиадаға әлемнің 100-ден астам елінен жас математик қатысып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қазақстан ұлттық құрамасы Қытайда өткенхалықаралық дайындық жиындарынан кейінолимпиадаға жол тартты. Команда құрамында Haileybury Almaty, Spectrum International School, Nurorda Almaty, Республикалық физика-математика мектебі және «Білім-инновация» лицейінің 6 оқушысы бар. Қатысушылар қатарында Мирон Юркевич, Амирлан Аманжолов, Марғұлан Шарел, Ерасыл Алтынбек, Ерқанат Кеншілік, Амир Сахипов бар.
Ғылыми жетекшілері — PhD докторы Асылбек Исахов және олимпиада жеңімпазы Қанат Сатылханов.
Қазақстан IMO-ға 1993 жылдан бері қатысып келеді. Осы уақыт ішінде 16 алтын, 47 күміс, 77 қола медаль және 29 құрмет грамотасына ие болды.
Оқи отырыңыз: ҚАЗТЕСТ нәтижелерін ҰБТ балдарына ауыстыруға болады