Қазақстандық опера әншісі әйгілі Андреа Бочеллимен өнер көрсетті

instagram.com/aigerim_altynbek/
instagram.com/aigerim_altynbek/

Өнерсүйер қауым үшін ұмытылмас оқиға болды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

2025 жылдың 27–28 маусымында Помпейдегі амфитеатрда атақты тенор Андреа Бочеллидің концерті өтті, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, концерт «Andrea Bocelli Live in Concert» атты гастрольдік тур аясында ұйымдастырылды.

«Андреа Бочеллидің концерттерінде дәстүрлі түрде әлемге әйгілі әртістер өнер көрсетеді. Италиялық маэстро осы жолы Қазақстанның опера әншісі Әйгерім Алтынбекпен бір сахнаға шығып, дуэт орындады», - делінген хабарламада.

Бұл кеш көрерменге ерекше әсер сыйлады. Өнерсүйер қауым үшін ұмытылмас оқиға болды.

Айта кетейік, 25 маусымда Әйгерім Алтынбек Астанада әлемге танымал тенор Хосе Каррераспен де бір сахнада өнер көрсеткен еді.

Өнерпаздардың кәсіби шеберлігі мен зор дауысы сол кеште де көрерменді бей-жай қалдырмады.

Оқи отырыңыз: Үйлену тойымызды үш рет жасадық: жарты ғасыр бұрын шаңырақ көтерген жұптың сыры

Новости партнеров