Қазақстанның Тель-Авивтегі елшілігі Израильде жүрген ел азаматтарына үндеу жасады
Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуына байланысты Қазақстанның Тель-Авивтегі елшілігі Израильде жүрген ел азаматтарына үндеу жасады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Хабарламада сақтық пен қырағылық танытуды, соңғы жаңалықтарды қадағалап, біздің елшілікпен байланыста болу ескертілген. Сондай-ақ отандастарымыз үшін жедел желі іске қосылып, телефон нөмірлер жарияланды.
«Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуына байланысты Қазақстанның Тель-Авивтегі Елшілігі Израильдегі барлық Қазақстан азаматына Тыл қолбасшылығының нұсқауларын сақтауды, қауіпсіздік шараларын барынша күшейтуді, сақтық пен қырағылық танытуды, соңғы жаңалықтарды қадағалауды, сондай-ақ Қазақстан Елшілігімен байланыста болуды сұрайды», – деді ҚР Израиль мемлекетіндегі елшілігі.
Айта кетейік, Иран мен Ирак әуе кеңістігін жапқаннан кейін Қазақстаннан шыққан кейбір ұшақтар аталған елдердің аспанын айналып ұшатын болды. Мәселен, Эйр Астана мен FlyArystan компаниялары Шарм-эль-Шейх, Дубай, Доха және Мединаға қатынайтын рейстердің бағытын ауыстырған. Сондықтан кейбір әуе кемесінің ұшу кестесі де өзгереді.
Оқи отырыңыз: Құлсарыдағы автобус апаты: 6 адам дәрігерлердің бақылауында