Өтінімді онлайн толтырып, құжаттарды ЭЦҚ арқылы қол қойып жіберу керек
Қазақстанда "Дипломмен - ауылға" ипотекалық бағдарламасы бойынша өтініштер қабылдана бастады. Бұл туралы Отбасы банкі хабарлады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл бағдарламаға білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, агроөнеркәсіп кешені (АӨК), мәдениет, спорт салаларының, сондай-ақ ауылдық округ әкімдері аппараттарындағы мемлекеттік қызметкерлер (әкімдер мен олардың орынбасарларынан басқа) қатыса алады.
Өтінімді Baspana Market платформасы арқылы тапсыруға болады. Өтінімді онлайн толтырып, құжаттарды ЭЦҚ арқылы қол қойып жіберу керек.
Бағдарлама туралы:
Қатысу шарттары:
Оқи отырыңыз: Үкіметте "Қазақстан балалары" бағдарламасының тұжырымдамасы қаралды