Үкімет елдегі экономикалық реформалар шеңберінде бірқатар шараны қолға алды
Қазақстандықтар автокөліктерді сатып алу құқығымен ұзақ мерзімге жалға ала алады. Өнеркәсіп және құрылыс министрі елімізде азаматтар үшін темір тұлпар сатып алу мүмкіндіктері кеңейтіліп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ерсайын Нағаспаев отандық автоөндірушілер мен екінші деңгейлі банктер халықтың жеңіл автокөлік сатып алуын қаржыландыруды жалғастыра беретінін жеткізді.
Еске сала кетейін, Үкімет елдегі экономикалық реформалар шеңберінде бірқатар шараны қолға алды.
«Халықаралық тәжірибеге сәйкес, жеке тұлғалар үшін жеңіл автокөлік сатып алуға лизинг тетігі енгізілуде. Лизинг – автокөлікті меншікке сатып алу құқығы мен ұзақ мерзімді жалдау. Бұл шаралар халықтың әл-ауқатын жақсартуға және азаматтардың автокөлік сатып алу мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған», – деді ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев.
Оқи отырыңыз: Елімізде өңірлерге арзан сиыр еті жеткізілмек