Мейрамда мұсылмандар қой, сиыр, қошқар немесе түйені құрбандыққа шалады
Маусымда қазақстандықтар Құрбан айт мейрамын ата өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Құрбан айт мейрамы дүйсенбі 6 масымға сәйкес келіп тұрғандықтан, қазақстандықтар 6, 7 және 8 маусым демалады.
Анықтама үшін:
Мұсылмандардың айтулы мерекелерінің бірі Құрбан айт Ораза аяқталғаннан кейін 70-күні келеді. Ай күнтізбесі бойынша есептеулер жыл сайын шамамен 10 күндік айырмашылықпен өзгереді. Араб тілінен аударғанда мерекенің атауы «Құрбан мейрамы» дегенді білдіреді.
Бұл күні мұсылмандар қой, сиыр, қошқар немесе түйені құрбандыққа шалады.
Мұсылмандар үшін ең маңызды күн – Құрбан айттың бірінші күні. Бұл күні мешіттерде айт намазы оқылып, алғашқы күні діндарлар бір-бірін құттықтап, дастарханға шақырады.
Оқи отырыңыз: Алматыда 12-18 мамыр аралығында ауа райы қандай болады