Қазақстандықтар шілдеде қанша күн демалады
Photo by German Engelgardt on Unsplash
Бұл айда тоғыз күн демалыс бар
Жаңалықтармен бөлісіңіз
2025 жылдың шілдесінде қазақстандықтар мереке және демалыс күндерін қосқанда 9 күн демалады, деп хабарлайды Almaty.tv.
2025 жылы 6 шілде жексенбіге сәйкес келгендіктен "Мерекелер туралы" заңға сәйкес, демалыс күні дүйсенбі — 7 шілдеге ауыстырылады. Осылайша, қазақстандықтар қатарынан үш күн, яғни 5 шілдеден 7 шілдеге дейін демалады.
Бес күн жұмыс істейтіндер бойынша:
- 5 шілде (сенбі) — демалыс күні;
- 6 шілде (жексенбі) — Астана күні;
- 7 шілде (дүйсенбі) — ауыстырылған демалыс күні;
Алты күн жұмыс істейтіндер бойынша:
- 5 шілде (сенбі) — жұмыс күні;
- 6 шілде (жексенбі) — Астана күні;
- 7 шілде (дүйсенбі) — демалыс күні.
2025 жылдың шілде айында бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 9 күн демалып, 22 күн жұмыс істейді. Ал алты күндік жұмыс кестесімен еңбек ететін тұрғындар 5 күн демалады, 26 күн жұмыс істейді.
Оқи отырыңыз: Демалыс күндері елімізде дауылды ескерту жарияланды
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
29.09.2026 09:58
Алматыда жер сілкінісі тіркелді
28.09.2026 09:42
28 қыркүйекке арналған валюта бағамы
28.09.2026 08:45
ІІМ: ҰҚТ мүшелеріне қатысты 45 қылмыстық іс сотқа жолданды
28.09.2026 08:20