Қазақстанның екі өңірінде көлік қозғалысы шектелді

07.01.2025 14:30

Жолдар 2025 жылғы 8 қаңтар сағат 07:00-де ашылады

Almaty.tv

"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы 7 қаңтарда Қазақстанның екі өңірінде көлік қозғалысы шектелетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

7 қаңтарда сағат 14:00-ден бастап Ұлытау облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты Жезқазған - Петропавловск автожолының 137-252 шақырым аралығында (Ұлытау ауылынан Қостанай облысы шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қою жоспарланып отыр.

Ал Қостанай облысында Жезқазған - Петропавловск автожолының 252-339 шақырым аралығында (Ұлытау облысы шекарасынан Арқалық қаласына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысы шектеледіжол жабылды.

Жолдар 2025 жылғы 8 қаңтар сағат 07:00-де ашылады.

Оқи отырыңыз: Бұрқасын, көктайғақ, тұман: Қазақстанның басым бөлігінде ескерту жарияланды