Қазақстанның IT технологиясын өзге елдер қашан пайдалана бастайды

17.12.2024 21:47

Цифрлық даму министрлігі Астанада Жасанды интеллект орталығын ашпақ

2029 жылға қарай Қазақстанның IT технологиясын өзге елдер пайдалана бастайды. Цифрлық даму министрлігі Астанада Жасанды интеллект орталығын ашпақ. Елдің экономикасын өсіруді көздейтін орталық қашан іске қосылады? Мәселеге қатысты сұрақтарға «Алматы» телеарнасының студия қонағы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі комитеті төрағасының орынбасары Әлібек Сайланбаев жауап береді.

– Әлібек мырза, кеш жарық! Астанада жасанды интеллект орталығы қашан іске қосылады және ол Қазақстан үшін қандай мүмкіндіктер ашады?

"2025 жылы Астана қаласында халықаралық жасанды интеллект орталық ашылады. Орталық мемлекетімізге өте жақсы мүмкіндіктер алып келеді. Жасанды интеллект саласына қызығушылығы бар адамдар үшін ашық болады. Орталықта түрлі мектептер, зерттеу лабараториялары бар. Жасанды интеллект Қазақстанда өте қатты дамып келе жатыр. Мысалы мемлекетімізде Хиксиолт АІ деген компания бар. Ол қазір халықаралық нарыққа шыққан. Оның басты идеясы – генеративті АІ алгоритмымен текстен видео жасау. Ал «Серебра» компаниясы жасанды интеллекті медицина саласында қолданады. «Алақан» компаниясы жасанды интеллекті қолданып, алақанмен төлем жасауға мүмкіндік беріп отыр".

– IT саласында жұмыс істейтін қанша компания бар? Оларға қандай жағдай жасалған?

"2024 жылы  Қазақстанда 18 мыңнан астам ІТ компания бар. Олар үшін біздің мемлекет көп қолдау жасап отыр. Мысалы Astana Hub  халықаралық хабта тіркелген компаниялар салықтан босатылады".

– eGov.kz порталына жасанды интеллект енгізілгелі жатыр екен. Ол қалай жұмыс істейді және қашан іске қосылады?

"eGov.kz порталында келесі жылы eGov АІ жасанды интеллект ассистентін жасау жоспарланып жатыр. Ол не үшін керек? Кез келген адам егов сайтына кіріп, егер мемлекттік қызметті таба алмай жатса, сол ассистенттен сұрайды, ассистент қызметті табуға көмектеседі".

Оқи отырыңыз: Үкімет жылды қорытындылады