Қазақстанның әр облысында Балалар құқығын қорғау басқармасы құрылады

30.04.2025 21:53

Бұл ұсынысты Үкімет те қолдаған

Аlmaty.tv

Алдағы уақытта Қазақстанның әр облысында балалардың құқығын қорғау басқармалары құрылады. Бұл утралы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева мәлімдеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

"Құрметті достар! Балалардың құқықтарын қорғау саласындағы ең басты жаңалық – облыстарда Балалардың құқықтарын қорғау басқармалары, ал аудандарда бөлімдері құрылмақ. Бұл бастаманы жүзеге асыру үшін мемлекет басшысының балаларды қорғау жүйесін күшейту жөніндегі тапсырмасына сәйкес біз мемлекеттік кеңесші Ерлан Кариннің, Президент әкімшілігінің қолдауымен, Ішкі саясат бөлімі мен Бала құқықтарын қорғау комитетімен бірлесіп бір жыл бойы жұмыс істедік", - деп жазды Бала құқықтары жөніндегі уәкіл желідегі жазбасында.

Оның айтуынша, әкімдіктер құрылымында Балалар құқығын қорғау басқармасын құру туралы ұсынысты Үкімет те қолдады.

"Жаңа басқармалар білім басқармасынан қорғаншылық, және қамқоршылық органдарын бөліп шығару арқылы құрылады (заңдағы жаңа 5 мың балаға 1 қызметкер нормативіне сәйкес, енді жарты миллион балаға бұрынғыдай 5-8 адам емес, 100 қызметкер болмақ). Осылайша республикалық бюджеттен қаржы бөлудің қажеті жоқ", - деді Д. Зәкиева.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда айына 3 млн теңгеден жоғары жалақы алатын қанша адам бар