Қазақтың бас ақыны: ғалымдар Абай туралы алғаш мақала жазған ұлт ұстазының еңбегін талқылады

07.08.2025 13:34

Зерттеуші өз еңбегінде Ибраһим Құнанбайұлының өлең-сөз жазудағы шеберлігі атап өткен

Абайға «Қазақтың бас ақыны» деп баға берген де, алғаш рет көлемді мақала шығарған да ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлы. Зерттеуші өз еңбегінде Ибраһим Құнанбайұлының өлең-сөз жазудағы шеберлігі мен асқан білімі, сыншылық қабілеті жайлы ой қозғаған. Ұлы ақынның 180 жылдығына арналған келелі жиында ғалымдар осындай пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сонымен қатар зиялы қауым өкілдері Ахаңның мақаласында дана Абай жөнінде айтылған көп тұжырымның мәнін ашты. Кемеңгер ойшылдың жылдар бойы жинаған ілімін, толғамы мен талғамын, танымы мен таңдауын сөз етті. Одан бөлек, мамандар Мекемтас Мырзахметұлының Абайтану іліміне қосқан үлесі, шығармаларында ұстанған бағыттары жайлы да әңгіме өрбітті.

«Ең басты мәселе – Абайды өлеңі мен қара сөзін тұтас оқып, өз бойымызға сіңіріп, оны одан кейін ғана басқаларға мақтан ету. Қазақ халқы өзі оқып, тереңірек танысу керек. Мен «Абайтану» ғылымына түскенім, мен үшін де, халқым үшін де, бүкіл адамзат баласы үшін де құнды екенін түсінген сайын қуана беремін», – деді абайтанушы Жабал Шойынбет.

Оқи отырыңыз: Елімізде Абай есімді 10 әйел тұрады