Қалихан Ысқақтың 90 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған суретшілер арасындағы байқаудың үздік туындылары көпшілікке ұсынылды
«Қазақы қара сөздің алдаспаны». Осындай атаумен Алматыда Қалихан Ысқақтың туғанына 90 жыл толуына арналған ғылыми конференция өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Мәдени жиында қара сөздің қарагері атанған жазушының бай мұрасы дәріптеліп, оның қаламгерлік болмысы терең талқыланды. Сондай-ақ конференция аясында Қалихан Ысқақтың 90 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған суретшілер арасындағы байқаудың үздік туындылары көпшілікке ұсынылды. Іс-шара барысында сөз алған зиялы қауым өкілдері проза саңлағын «ұлттық рухты алып келген қаламгер» деп бағалап, оның еңбектерін қазақ әдебиетінің мәңгілік мұрасына теңеді.
«Қалихан Ысқақтың – қазақ прозасындағы, драматрургиясындағы, қазақ публицистикасындағы, жалпы руханиатындағы орны ерекше адам. Қалихан Ысқақ – «атақты алпысыншы жылғылар» дейді ғой, сол буынның көрнекті өкілі. Ол кісілердің шығармашылығы қиын кездерде ұлтты сақтау үшін еңбек етті», – деді сыншы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Әлия Бөпежанова.
Оқи отырыңыз: ҚР Ұлттық кітапханасы жаңа сирек қолжазбамен толықты