Қазығұрт ауданындағы тұрғындардың жол сапасына көңілі толмайды

Түркістан облысында автомобиль жолдарын жөндеуге бюджеттен 41,4 млрд теңге бөлінген

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Түркістан облысындағы Қазығұрт ауданының тұрғындары асфальттың тым жұқа төселгеніне наразы, деп хабарлайды Almaty.tv.

Тесіктөбе ауылының жұрты мердігерлердің қара топырақтың үстіне жол төсей салғанын айтты.  Ал атқамінерлер мәселені шешіп, кем-кетікті жөндеуге мердігерді міндеттемек.

"Қазығұрт ауданының әкімдігі тапсырыс берген. Жол сапасын жауапты мамандары барып, тексерейік. Нәтижесін айтамыз", – деді  Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Қуатжан Жұматаев.

Түркістан облысында биыл автомобиль жолдарын жөндеу жұмыстарына бюджеттен 41,4 млрд теңге бөлінген. Ал "Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы" өңірді 492 рет аралап, 1200-ден астам сынама алған. Нәтижесінде құрылыс нормаларына сәйкес келмейтін 321 кемшілік анықталған.

Оқи отырыңыз: Алматыда жыл сайынғы субұрқақтар маусымы аяқталады

Новости партнеров