Кей өңірде жаңбыр жауады: сенбіге арналған ауа райы болжамы

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Алматыда ауа температурасы күндіз +23+25° болады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Синоптиктер 10 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Аlmaty.tv «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Оңтүстік циклоны мен соған байланысқан атмосфералық фронталды бөліктер Қазақстан территориясымен жылжи отырып, өзімен бірге найзағай, бұршақ аралас жаңбыр алып келеді. Сондай-ақ жел күшейіп, еліміздің солтүстігі, шығысы мен оңтүстік-шығысының таулы аудандарына қатты жаңбыр жауады», - делінген хабарламада.

Қызылорда, Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау, Қарағанды, Абай, Жетісу облыстарында, Алматы облысының солтүстігі мен орталығында, Атырау облысының оңтүстік-батысында, Батыс Қазақстан облысының батысында, Ақтөбе, Павлодар облыстарының оңтүсгігі, оңтүстік-шығысы, батысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысы мен оңтүстігінде, Ақмола облысының батысы, оңтүстігі мен шығысында  жоғары өрт қаупі болады.

Түркістан облысының батысында, шөлді аудандарында, Қызылорда облысының шығысында, орталығында, Жамбыл облысының батысы мен орталығында, Жетісу облысының батысында төтенше өрт қаупі болуы мүмкін.

Астанада ауа райы құбылмалы бұлтты, өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді, күндіз бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің күші 9-14, екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +13+15°, күндіз +22+24° болады.

Алматыда ауа райы ауыспалы бұлтты, өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел 7-12 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +15+17°, күндіз +23+25° болады.

Шымкентте ауа райы құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 8-13, екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +15+17°, күндіз +27+29° болады.

Оқи отырыңыз: Соғыс бір үйлі жаннан жалғыз қалдырды - Ізбай Әтейбекұлы

Новости партнеров