Кел, Жаңа жыл: Абай алаңында екі күндік мерекелік концерт өтті

31.12.2025 19:14

Концерттік бағдарлама жиналған жұртқа көтеріңкі көңіл-күй сыйлады

Алматының Абай алаңында «Кел, Жаңа жыл!» атты екі күнге созылған мерекелік концерт өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ашық аспан астында ұйымдастырылған өнер кешінде көпшілік ықыласына бөленіп жүрген Өктем Алтаев, Абик Жексен секілді орындаушылар ән шырқап, жаңа жылға арналған туындыларын тарту етті. Мерекеге орай дайындалған концерттік бағдарлама жиналған жұртқа көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

«Бүгінгі концерт өте керемет болып жатыр. Кеше де отбасымызбен келгенбіз. Бүгінде келдік. Бәрі күшті», - деді қала тұрғыны

«Құрметті қазақ елі, жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын. Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық. Бар жақсылықты тілеймін! Жаңа жыл құтты болсын!», - деді қала тұрғыны

Оқи отырыңыз: Отшашуды жағар алдында нені ескерген жөн

Теги: Жаңа жыл