Келер жылы зейнетақы 10 пайызға өседі

30.08.2025 12:21

Республикалық бюджет жобасында қазақстандықтардың МӘМС-ке қанша ақша аударатыны да айқындалған

Аlmaty.tv

Қаржы министрлігі жариялаған 2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджеттің жобасында келер жылы қазақстандықтар МӘМС-ке қанша ақша аударатыны айқындалған, деп хабарлайды  Аlmaty.tv тілшісі Kazinform-ға сілтеме жасап.

— Жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне жұмсалатын қаражат 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап олардың мөлшерлерін 10 пайызға көтеру ескеріле отырып көзделген деп белгіленсін, — деп жазылған құжатта.

Сондай-ақ 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төленуге жататын, мемлекеттің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналарының мөлшері мемлекет жарналарын есептеу объектісінің 2 пайызы болып белгiленетіні айтылған.

— 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап әскери қызметшілерге (мерзiмдi қызметтегі әскери қызметшілерден басқа) және арнаулы мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлеріне тұрғынжайды күтіп-ұстауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге ақшалай өтемақының айлық мөлшерi 3 739 теңге сомасында белгiленсiн, — делінген құжатта.

Оқи отырыңыз: Абай облысында жаңа су қоймасының құрылысы қашан басталады